Hyrasia One

Қазақстанның жасыл сутегін пайдалану арқылы энергитикалық ауысу үдерісін жеңілдету

0гигаватт

Жаңартылатын энергия көздерінің қуаты 

0 гигаватт

Электролизер қуаты 

0 метрикалық тонна

жасыл сутегі

Маңғыстау облысының әлеуетін ашу

Hyrasia One өнеркәсіп секторындағы жаңартылатын энергия саласының жаңа стандарттарын белгілейді. Hyrasia One — «жасыл» сутекті өндіруге бағытталған әлемдегі ең ірі он жобаның бірі. Жобаның алдағы өнімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін неміс инженерлері мен халықаралық сарапшылар озық технологиялық үдерістерді әзірлеп, қажетті инфрақұрылымды жоспарлауда, оның үстіне жоба элементтері арасындағы күрделі қатынастарды мұқият зерттеуде.

Маңғыстаудан Маңғыстауға

Hyrasia One құрылысы Маңғыстау облысының қоғам өмірі мен экономикасына елеулі артықшылықтар әкеледі. Жоба аясында жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыруға басымдық беретін мыңдаған жұмыс орындары пайда болады, осылайша экономикалық және әлеуметтік салада оң өзгерістер орын алмақ. Білім беру және даярлық бағдарламалары білікті жұмыс күшін қамтамасыз етпек, ал мақсатты әлеуметтік қор өңірлік жобаларға қолдау көрсетеді. Hyrasia One инфрақұрылымды дамыту және Қазақстанның тұрақты дамуы үшін қажетті жасыл өнеркәсіп кластерін құру әлеуетіне ие.

Толығырақ оқыңыз (жобаның артықшылықтары туралы бетке сілтеме).

Қоршаған орта және қоғам

Қоршаған және әлеуметтік ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) Hyrasia One жобасының табиғи ресурстар, биоәртүрлілік, халықтың денсаулығы және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға ықтимал әсерін талдауда негізгі құрал болып табылады. ҚОӘБ көмегімен біз тәуекелдерді, жағымсыз әсерлерді азайтып, Hyrasia One жобасының артықшылықтарын арттыра аламыз. Бағалауды ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес Германияның тәуелсіз жетекші FICHTNER компаниясы жүргізеді.